Уругвайдың экс-президенті қайтыс болды

6 Желтоқсан 2020, 17:49
1407
Бөлісу:
Уругвайдың экс-президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уругвайдың экс-президенті Табаре Васкес 80 жасында қайтыс болды. 

Бұл туралы жергілікті El País газеті жазды, деп хабарлады РИА Новости.

Белгілі болғандай 2019 жылдың тамызында Васкесте өкпе обыры анықталған.

Газеттің мәліметінше, ол таңертең өз үйінде көз жұмған. Президентті жерлеу рәсіміне тек жақындары қатысатыны белгілі болды.

Мамандығы онколог дәрігер болған Васкес Уругвай президенті болып 2015 жылдың наурызында екінші рет сайланды. Оның бірінші мандаты 2005-2010 жылдар аралығында жалғасқан. 2020 жылдың 1 наурызында ол ел тізгінін Луис Лакалье Поуға берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы