Үрлемелі қайықпен ашық теңізге шыққан: Екі адамды құтқарды

Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

 скрин 29 Қараша 2026, 05:24
29 Қараша 2026, 05:24
101
Фото: скрин
ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінде екі адамды құтқарды.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында теңіздегі қатты толқын салдарынан үрлемелі қайықпен ашық теңізге қарай ығып кеткен екі ересек адамға көмек қажет болды.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде екі адам да жағадан 3 шақырым қашықтықтан табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құтқарылған азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді: 

Наверх