Астанада 2027 жылы тағы екі Оқушылар сарайы ашылады

Жаңа нысандарда бассейндер, оқу кабинеттері, коворкинг аймақтары, спорт және концерт залдары қарастырылған.

27 Қараша 2026, 21:19
АВТОР
 Астана қаласының әкімдігі 27 Қараша 2026, 21:19
27 Қараша 2026, 21:19
91
Фото: Астана қаласының әкімдігі

2027 жылы Астанада балаларға арналған қосымша білім беру бағытында тағы екі ірі мемлекеттік нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, келесі жылы «TANYM TECH» орталығы мен көпфункционалды спорт сарайын ашу жоспарланып отыр.

Биыл қазан айында елордада екі мемлекеттік Оқушылар сарайы – «TANYM ART» және «TANYM SPORT» кешендері ашылған болатын. Олар балалардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Жаңа нысандарда бассейндер, оқу кабинеттері, коворкинг аймақтары, спорт және концерт залдары қарастырылған.

Қала әкімінің мәліметінше, соңғы жылдары елордада осындай алты мекеме ашылып, олардың жалпы сыйымдылығы 8 250 орынға жеткен. Алдағы уақытта қосымша білім беру нысандарының желісін кеңейту жұмысы жалғасады.

Наверх