Ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы қылмыскерлердің қолында – Бас прокуратура

18 Шілде 2022, 15:35
1139
Бөлісу:
Ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы қылмыскерлердің қолында – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. 

Айтуынша, Алматы облысында процестік келісім бойынша Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктердің 5 белсенді қатысушысы шартты жазаларға сотталған.

Бұған дейін хабарланғандай, сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған «ДВК/ Көше» экстремистик ұйымының жақтаушылары белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның 3 ұстанушылары 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырумен шектелмей, өздері қиратулар мен мемлекеттік мүлікке зақым келтірумен ұштасқан қалалық әкімдік ғимаратына шабуыл жасады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ, - деп атап өтті Бас прокуратура өкілі.

Ұрланған атыс қаруларын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Түркістан облысының 2 тұрғынын ұстаған. 

Олардан «Камерад» аңшылық дүкенінен ұрланған екі «Сайга-12» карабині мен пневматикалық мылтық табылды. Таразда қару сақталған «қойма» табылды, одан Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған 1 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» тапаншасы, «SHTURM» шабуыл мылтығы, 1 граната және оларға оқ-дәрілер алынды. Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдарымен «қаңтар оқиғалары» кезеңінде ұрланған 846-дан астам ойық және тегіс ұңғылы қару табылды. Ұрланған қарудың 2 мыңнан астам бірлігі әлі де қылмыскерлердің қолында екенін, бұл ықтимал қауіпті төндіретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады, - деді Елдос Қилымжанов. 

Бұл ретте адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайды деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы