Ұрланған қару-жарақты өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады – Арыстанов 

19 Қаңтар 2022, 11:27
1336
Бөлісу:
Ұрланған қару-жарақты өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады – Арыстанов 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов айтты. 

Елдегі жаппай тәртіпсіздік барысында елдегі қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы орган ғимаратынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілер ұрлады. Ұрланған қарулар мен оқ-дәрі заңсыз мақсатта пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген, - деді Арыстанов. 

Оның айтуынша, заңсыз қару мен оқ-дәріні, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақтаған қару мен оқ-дәрілерді, жарлығыш заттарды өз еркімен тапсыруға шақырады. Жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында жарылғыш заттарды тасымалдауға тырыспаңыздар. Бұл туралы полицияға хабарлауды сұраймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы