«Үркердің» мәселесін шешеміз - әкім

3 Ақпан 2023, 21:40
1594
Бөлісу:
«Үркердің» мәселесін шешеміз - әкім

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар инженерлік желілерді, электрмен жабдықтау желілерін, әлеуметтік нысандарды, жолдар салу, абаттандыру, көгалдандыру, аялдамалар және т.б. мәселелерді көтерді. Елді мекенді дамытудың жалпы жоспарын құрамыз, ең алдымен шешілуі тиіс міндеттерді және екінші кезеңде қолға алу қажет мәселелерді анықтаймыз.

Бірінші кезектегі міндет - Үркер елді мекенінде кәріз және электрмен жабдықтау желілері проблемасын шешу. Біз мұны бірінші кезекте орындаймыз. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз, - деді Қасымбек.

«Үркердің» мәселесін шешеміз - әкім

Мәселен мердігерлерге биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтау міндеті тапсырылды.

Сондай-ақ осы елді мекенде екі мектеп (2024 жылы және 2025 жылы пайдалануға беріледі) саламыз. Қалада келесі оқу жылына 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп (2 ауысымды) саламыз. Олардың құрылысын биылдан бастаймыз.

Астанада 16 елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Әрбір елді мекеннің тұрғындарымен жеке кездесемін. Аудандар мен елді мекендерді дамыту жоспарын бірлесіп анықтаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
 

«Үркердің» мәселесін шешеміз - әкім
Өзгелердің жаңалығы