«Ұранхай қажы» мешіті семинар өткізді

24 Мамыр 2021, 22:07
1664
Бөлісу:
«Ұранхай қажы» мешіті семинар өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің бастамасымен іске асып жатқан - Ихсан ілімін насихаттау аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан ілімі және әйел мәртебесі» тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Семинарға «әйел-қыздар» секторының жетекшілері, шәкірттер, жамағаттар қатысты. 

Ихсан иманның өзекті саласы. Қазіргі уақытта рухани тәрбиені дамыту бағытында келелі істер атқарылып жатыр. Сондықтан ихсан ілімін кең көлемде насихаттаудамыз. Бүгінгі уақытта қыздар тәрбиесі қоғамдағы аса маңызды мәсленің бірі болып отыр. Бүгінгі жиынның маңыздылығы да осында - деді, шараны ұйымдастырушы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов. 
«Ұранхай қажы» мешіті семинар өткізді

Жиында ауданға үлгілі қыз-келіншектер сөз алып, рухани тәрбие және әйел мәртебесі хақында салауатты ойларын ортаға салды. 

Семинарда бас имам алдағы уақытта ихсан ілімін дамыту бағатында аудандық мешіттен жопарланып отырған іс-шаралар жайлы таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы