«Урал» мотоциклі Петропавлда құрастырылатын болды

28 Сәуір 2022, 15:13
1736
Бөлісу:
«Урал» мотоциклі Петропавлда құрастырылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Біздің аймақта Ресейдің «Урал» мотоциклінің өндірісін шоғырландыру туралы ақпарат БАҚ-та талқыланды. Зауыт, өндіруші бізде өндірісті іске қосуды жоспарланып отыр. Ресейдегі зауыт жабылмайды, ол қосымша өндіріс географиясын кеңейтіп Петропавлда зауыт ашады. Олардың маркетингі мен қажеттілігіне қарай болып отыр. Қазақстанда ол өндірісті ашу өзіндік жақсы факторларға ие, - деді ол. 

Өз кезегінде Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба бар қуатын қолданады. 

Біздің өндірушілерде өзінің тауарын өндіруді жақсарту бойынша, оларды жетілдіру бойынша барлық мүмкіндікті пайдаланады. Біз осы бойынша үнемі жүзеге асырып отырамыз, - деді Макашева.

Өзгелердің жаңалығы