ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасында автокөлік кептелісі тіркелгенін жоққа шығарды

26 Қыркүйек 2023, 04:24
847
Бөлісу:
ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасында автокөлік кептелісі тіркелгенін жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дегенмен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шындығында Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырамыз, - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кетсек, 26 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы