Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің тізімін жариялады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, - делінген ресми сайтта.
Қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:
1. ҚР ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов;
2. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай;
3. ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев;
4. ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов;
5. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан;
6. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім;
7. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков.