ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді

30 Қараша 2023, 15:25
438
Бөлісу:
ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді
Фото: ҰҚК

Биыл қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды. Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында «дизайнерлік» деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды.

Жалпы заңсыз айналымнан «синтетика» өндіруге арналған 150 кг-нан астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы