ҰҚК авиациялық қызметі Арқалықта адамдарды эвакуациялады

28 Наурыз 2024, 00:38
379
Бөлісу:
ҰҚК авиациялық қызметі Арқалықта адамдарды эвакуациялады
Фото: архив

ҰҚК авиациялық қызметі Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы қыстақтардың тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кезекті эвакуациялауды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің көмегімен жүргізді.

Облыс орталығының әуежайынан ҰҚК МИ-8 тікұшағы көтерілді. Борт экипажы жергілікті тұрғындар құтқаруды қажет ететін Сарыбас қыстағына қарай бет алды.

Өзгелердің жаңалығы