"Ұнтақ зат, тапанша тәркіленді". ІІМ "Алтын Орда" басшылығының ұсталғанына қатысты түсініктеме берді

3 Маусым 2023, 13:01
857
Бөлісу:
"Ұнтақ зат, тапанша тәркіленді". ІІМ "Алтын Орда" басшылығының ұсталғанына қатысты түсініктеме берді
Фото: polisia.kz

Алматы облысында "Алматы-Бішкек" автожолында BMМ автокөлігін тінту барысында ақ ұнтақ зат және травматикалық тапанша табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері "Алматы-Бішкек" автожолында BMМ автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді. Сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді. Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен қатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 2 маусымда "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны белгілі болды. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы