Университеттердің білім беру бағдарламаларының рейтингісі қалай жасалды

25 Қаңтар 2023, 13:46
1020
Бөлісу:
Университеттердің білім беру бағдарламаларының рейтингісі қалай жасалды
Фото: ОКҚ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов университеттердің білім беру бағдарламаларының рейтингісі қалай жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөзінше, білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісі осымен бесінші жыл жасалып жатыр.

2022 жылғы рейтингте 2021 жылдың 81 393 түлегі бойынша деректер талданды. Талдау бойынша 9 287 адам магистратурада оқуларын жалғастырған, 3 688 адам бала күтімі бойынша демалысқа шыққан, 254 адам оқуды бітірген соң әскери борышын өтеген, - деп ақпарат айтты ол.

Сонымен қатар жүргізілген сараптамаға сәйкес, 6 756 түлек жасы 29-жастан жоғары екені, 940 түлектің шетел азаматы екені анықталған. 

Өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылғы рейтингтегі жұмысқа орналасудың орташа пайызы 1,8% - ға артық. Мысалы, 2020 жылы түлектердің орташа жұмысқа орналасу деңгейі 71%, 2021 жылы 77% құрап, 2022 жылы 79 пайызға дейін өсті. 79 пайыздың 12 пайызы шартты, ал 67 пайызы тұрақты түрде жұмыс жасайтыны анықталды, - деп түсіндірді «Атамекен» өкілі баспасөз конференциясында.

Талдау барысында түлектердің ай сайынғы зейнетақы салымдары ескерілді. Түлектердің жұмысқа орналасуын талдау кезінде олардың 2021 жылдың тамызы мен 2022 жылдың шілдесі аралығындағы ай сайынғы зейнетақы аударымдары талданды.

Өзгелердің жаңалығы