Университеттерде комплаенс офицерлерін дайындайтын бағдарлама енгізіледі – Антикор 

29 Сәуір 2022, 10:23
1570
Бөлісу:
Университеттерде комплаенс офицерлерін дайындайтын бағдарлама енгізіледі – Антикор 
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Анар Жарова «Қазақстанның бизнес секторындағы бизнестің адалдығын арттыру" конференциясында айтты.

Бизнес сектордағы кәсіби адалдықты арттыру - Қазақстанның сыбайдас жемқорлықпен күрес бағытының бірі. Атап айтсақ, ашық бизнесті қалыптастыру тұжырымдамасында жемқорлыққа қарсы барлық стандрт қамтылған, – деді Жарова.

Университеттерде комплаенс офицерлерін дайындайтын бағдарлама енгізіледі – Антикор 

Кеңесші атап өткендей, бұл тұжырымдамадағы шараларды Антикор "Атамекен" ҰКП- мен бірлесе жүзеге асырып жатыр.

Шетелде сәтті қолданылып жатқан тәжірибелер де бізде енгізіліп жатыр. Мысалы, Шығыс Еуропа елдерінде "ашық толқын" қағидасы қолданылады. Бұл әдіс бизнестің ашықтығы мен адалдығын білдіреді. Ондай компаниялар кейін мемлекеттік сатып алуда үлкен сенімге ие болады. Қазір осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Анар Жарова.

Кеңесші бизнестегі комплеанстың маңыздылығы туралы айтты.

Комплаенс қызметінің институтын дамыту аясында Мәжілісте жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінде Антикордың құзырын арттыру бойынша заң әзірленіп жатыр. ЖОО-ларға комплаенс офицерлерін дайындайтын бағдарлама енгізіледі. Комплаенстың заң жүзінде енгізілуі жемқорлықпен күрес саласына оң әсер етеді, – деді Анар Жарова.

Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының, ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбул іс-қимыл жоспарының мүшесі және GRECO мүшесі ретінде халықаралық міндеттемелерге ие.

Өзгелердің жаңалығы