Университеттер қашан дәстүрлі форматқа ауысады?

12 Қаңтар 2021, 13:29
2473
Бөлісу:
Университеттер қашан дәстүрлі форматқа ауысады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де оқу жылының үшінші тоқсаны туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Ол еліміздегі ЖОО-ларының көктемгі семестрге дайындық барысына тоқталды.

Қазақстанда 120 ЖОО жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті 619 861 адамды құрайды. 2020 жылдың қыркүйек айында COVID-19 індетіне байланысты ЖОО оқыту қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықталуы бойынша тиісті жұмыс жүргізді. Осы жылдың 18 қаңтары мен 15 ақпаны аралығанда көктемгі семестр басталады, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-ларда дәстүрлі оқытуға біртіндеп көшу туралы мәселені пысықтап жатқандарын айтты. 

Республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың шешімі бойынша І курс студенттеріне оқыту аралас форматта ұйымдастырылатын болады. Яғни дәрістер онлайн форматта, ал семинарлар, практикалық-зертханалық сабақтар күндізгі форматта өтеді, - дейді Дәуленов.

Ол атағандай, ЖОО-лар студенттерді штаттық режимде оқытуға дайын.

Одан бөлек, 2 және 3 курстарда оқытуды дайындық бағыттарына байланысты қашықтан немесе аралас форматтарда жүзеге асыру жоспарлануда. Яғни, педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, бизнес, басқару және құқық, акт және басқа да бағыттарды қашықтықтан оқыту ұсынылды, ал өнер, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да бағыттарда аралас форматта оқыту ұсынылды, - деді вице-министрі Мирас Дәуленов брифингте.


Өзгелердің жаңалығы