Вице-министр оқытушының үстіне төбе опырылып түскеніне қатысты пікір білдірді

1 Қараша 2019, 16:32
2216
Бөлісу:
Вице-министр оқытушының үстіне төбе опырылып түскеніне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Еуразия ұлттық университетінде аудитория төбесі опырылып, оқытушының үстіне құлағаны жөніндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді.   

Оқытушының жағдайы жақсы. Мұғалімнің сабақ өткізбегеніне қатысты ешқандай қуғындау, қызметтік тергеу жүргізілген жоқ және алдағы уақытта мұндай болмайды да. Бұл – ЖОО мен білім және ғылым министрлігінің позициясы. Студенттерге, білім алушыларға қандай жағдай жасалса, мұғалімдер мен оқытушыларға да сондай жағдай жасалуы үшін жұмыс істейміз, - деді вице-министр. 
Оның сөзінше университеттің қызметтік тобы оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 
Студенттер мен оқытушыларға жағдай жасалады және мұның ұзақ процесс екенін ескергеніміз жөн. Әрдайым осы бағытта жұмысты жалғастырамыз. ЕҰУ-да аудитория төбесі неліктен опырылып түскеніне қатысты арнайы топ жұмыс істеп, қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Бұл құрылысшылардың не мердігер ұйымның кінәсі ме, әлде тағы қандай себеп болуы мүмкін екені анықталып, университет шаралар қолданады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы