Университет түлектерінің 13% сабақ уақытында жұмыс істейді

28 Сәуір 2020, 17:34
2072
Бөлісу:
Университет түлектерінің 13% сабақ уақытында жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде сабаққа қатыспай, 2-курстан бастап үздіксіз жұмыс істеген студенттер үлесі 13%-ды құрады, бұл дегеніміз 8110 студент дәріс кезінде жұмыс жасап, диплом алған. Бұл жөнінде бүгін "Атамекен" ҰКП басқарма төрғасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді. 

Бұл критерий бойынша барынша көзге түскен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті болды. Бұндағы бітірушілердің жалпы саны – 2542 болса, солардың оқу кезінде жұмыс істейтіндері – 1283-ке жетіп отыр. Ал Қазақстан теңіз университетінде бітірушілердің жалпы саны – 129, олардың 83-і дәріске қатыспай, жұмыс істеп келген, - деді ол. 

Бұл студенттер "АҚ БЖЗҚ", "КазТрансГаз Аймақ АҚ", "Маңғыстау облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті РММ", "Казпочта" АҚ компанияларында жұмыс істегендері белгілі болып отыр. 

Айта кетейік, бұл деректер "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үш жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған. 

Бірқатар жоғары оқу орындарының кейбір мамандықтарды бітірушілерінің саны Қазақстан бойынша бітірушілердің жалпы санынан күмәнді жоғары үлеске ие екендігі анықталған. Мысалы, КазУИТС (Құқықтану) - 699 адам (ҚР жалпы шығарылым санынан 13%); Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет (Мектепке дейінгі оқыту) - 1077 адам (27%), - деді Олжас Ордабаев. 

Брифинг барысында еліміздегі көрсеткіші төмен жоғарғы оқу орындарының тізімі де аталды. Олар SilkWay Халықаралық университеті, Сырдарья университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет, Орталық Азия университеті, Шымкент университеті, сондай-ақ Астана университеті.

Өзгелердің жаңалығы