Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

23 Қаңтар 2023, 08:31
4874
Бөлісу:
Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

Қазақстан студенттер құрамасының ХХХІ қысқы Дүниежүзілік универсиада ойындарындағы жарқын жеңістері жалғасын табуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы жарыс күнінде біздің  хоккейшілер   Жапония командасын 8-1 есебімен ұтып, елімізге қола медаль сыйлады.

Негізі көбі Канада командасын ұтады деген ойда болды. 4-1 ұпаймен жеңілсе де, тартысты  өткен ойыннан  команданың сағы сынбады.   Олай дейтініміз, АҚШ командасымен негізгі ойын уақытында тең дәрежеде ойнап, қосымша уақытта есе жіберген Жапониямен кездесу қалай болар екен  деген уайым болғаны рас.  

 Кіммен қалай ойнағанына қарамаңыздар, біз жеңеміз,- дейді  ойыншыларымыз  . 

Көздерінде от, сөздерінде жалын бар біздің жастарға сенімміз зор. Сенімді ақтады. Сөздерінде тұрды. 

Алпауыт 12 мемлекеттің жас хоккейшілерінің бәсекесінде Қазақстанның командасы жеңімпаздар тұғырында.

Өзгелердің жаңалығы