Үнемі шаршап жүру. Жұмыста эмоционалды шаршауды қалай тоқтатуға болады?

27 Қаңтар 2023, 21:48
4389
Бөлісу:
Үнемі шаршап жүру. Жұмыста эмоционалды шаршауды қалай тоқтатуға болады?

Қанша демалсаңыз да, бірнеше күн немесе бірнеше апта демалыста болсаңыз да, кейде шаршағаныңыз басылмай, жұмыс істегіңіз келмейтін кездер болады. Бұл сізде күш пен шабыттың жоқ екенін білдіреді. Демек сізде эмоционалды күюдің ықтималдығы жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онымен қалай күресу керек? Оны қалай анықтауға болады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) тренері, эмоционалды ойлауды дамытудың сертификатталған тренері (EACEIP) және Erickson International кәсіби коуч Эльмира Абайдильдинова айтып берді. 

Үнемі шаршап жүру. Жұмыста эмоционалды шаршауды қалай тоқтатуға болады?

- Алдымен барлығы айтып жүрген эмоционалды шаршаудың не екенін түсіндіріп өтсеңіз...

- Бұл тақырыпқа қатысты көзқарастар әртүрлі. Бірақ тұтастай алғанда, олар бір нәрсемен келіседі. Яғни эмоционалды шаршау – бұл эмоционалды сарқылу мен физикалық шаршаудың салдарынан энергияның біртіндеп жоғалуымен байланысты процесс. Адам эмоцияларды сезінбеуге алып келетін жеке алшақтауға ие болады: қуаныш, қайғы, уайым. Яғни адам болып жатқан барлық жағдайға немқұрайлы қарайды. Ол барлығынан алшақтап, оған жұмыстағы және жеке өмірдегі жетістіктер мен нәтижелер бұрынғыдай қуаныш әкелмейді. 

2001 жылы эмоционалды шаршау халықаралық аурулар классификаторына енгізілді, яғни ресми түрде ауру деп танылды. Егер сізге эмоционалды шаршау диагнозы қойылса, кейбір елдерде демалыспен қамтамасыз етіп, емдеуді тағайындайды. 

- Адам бойындағы эмоционалды шаршау белгілерін қалай анықтай алады?

- Кез келген аурулар сияқты оның да өзіне тән белгілері бар. Олардың бірнеше түрі бар және олар біздің физикалық, мінез-құлық, интеллектуалдық және эмоционалдық салаларымызға әсер етеді.

Эмоционалды күюдің ең алғашқы белгілерін өзіңіздің физикалық белгілеріңізден түсінуге болады: егер сіз көп жұмыс жасасаңыз да немесе жасамасаңыз да, жақсы демалсаңыз да немесе демалмасаңыз да үнемі шаршап жүрсеңіз. Таңертең ұйықтап тұрдыңыз, бірақ сонда да өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Басқа физикалық белгілер: бұлшықет кернеуі, арқа ауруы, бас ауруы. Сондай-ақ эмоционалды шаршау диафрагманың қысылуына байланысты кекештенуден көрінуі мүмкін. Сонымен қатар жеделдетілген жүрек соғысы, қысымның жоғарылауы, аритмия болуы мүмкін.

Егер эмоционалды белгілер туралы айтатын болсақ, ең алдымен, бұл үнемі алаңдау, мазасыз болу. Дәл осы жағдай адамның толық демалуына және қалпына келуіне мүмкіндік бермейді, оны үнемі осы эмоциялар мазалайды. Келесі – қорқыныш сезімі. Қорқыныштан дәрменсіздік сезімі пайда болады, бұл стресс пен ішкі эмоционалды шиеленісті күшейтеді.

Мінез-құлық белгілері де бар. Эмоционалды шаршаған адам ішкілікке, темекіге салынады, тамақтан бас тартады немесе керісінше шамадан тыс тамақтанады. Мінез-құлық қарым-қатынаста да өзгеруі мүмкін: ұжымға және қоршаған ортаға әсер ететін немқұрайлылық немесе ашу кернегендік пайда болады. Адам бәріне өте күрт жауап беріп, қозғыштығы жоғарылайды.

Интеллектуалды белгілер бір нәрсеге назар аудара алмау, жаңа ақпаратты қабылдай алмау және есте сақтау қабілетінің нашарлауымен байқалады.

- Эмоционалды шаршау белгілері депрессияға ұқсас. Айырмашылықтары қандай?

- Депрессия кезінде жетекші эмоция – қайғы. Эмоционалды шаршау жағдайында бізде іс жүзінде эмоциялар болмайды. Бірақ дәл диагноз қою туралы айтатын болсақ, мұнда дәрігермен кеңескен дұрыс. Егер эмоционалды шаршау жағдайы ұзаққа созылатын болса, ештеңе көмектеспесе, мұндай жағдайда психотерапевтке жүгіну қажет.

Үнемі шаршап жүру. Жұмыста эмоционалды шаршауды қалай тоқтатуға болады?

- Эмоционалды шаршаумен қалай күресуге болады?

- Ең бастысы – жоғарыда аталған белгілерді өзіңізден анықтау. Көптеген адам оларды байқамайды немесе әдеттегі физикалық шаршау белгілері ретінде әдейі елемейді. Дегенмен айтарлықтай айырмашылық бар: шаршау жақсы ұйқыдан кейін кетеді, ал эмоционалды шаршау сізде тұрақты фон болып қалады.

Екінші мәселе – өзіңізге қамқорлық жасап, физикалық күшіңізді қалпына келтіруді бастау маңызды. Ең алдымен сіз күн тәртібін енгізіп, еңбек пен демалу уақытын, ұйқы режимін теңестіріп, әдеттеріңізге дұрыс тамақтануды, витаминдерді қолдануды енгізіп, таза ауада жүруді ұмытпаңыз. Бұл кеңестер қарапайым болып көрінгенімен, бірінші кезекте осылардан бастау керек. 

Үшіншісі – эмоционалды компонент – қоршаған орта. Сіздің ортаңызда сенуге болатын, көмек сұрауға, өз сезімдеріңізбен бөлісуге болатын адамдар болуы өте маңызды. Қолдаушы орта қажет. Сіз тіпті көптеген адам өздері туралы терең сұрақтарды ешкіммен талқыламайтынын елестете алмайсыз. Эмоционалды сезімдеріңізді бөлісу әлі де әлсіздік болып саналады, әсіресе ер адамдар арасында. Осылайша олар іштей шаршап кетеді. 

Төртінші – өз эмоционалды интеллектіңізді дамыту. Эмоционалды шаршауға бәсеңдемей осындай салдарға әкелетін жағымсыз эмоциялар тән. 

Біздің эмоционалды интеллектіміз дамыған кезде біз эмоцияларымызды танимыз және оларды білдіреміз немесе жоямыз. Егер сіз, мысалы, ашулансаңыз, оны басқаларға және өзіңізге зиян келтірместен қалай шығаруға болатынын білуіңіз маңызды. Сіз айқайлай аласыз, залға барып шынығып, жүгіре аласыз.

Эмоционалды интеллект деңгейі жоғары адам күюдің алғашқы белгілерін бірден сезінеді, ауруды ұзақ кезеңге өткенде емес, пайда болу кезеңінде анықтайды. Ең бастысы – олардың пайда болу себебін түсінеді, бастапқы көзді жояды.

Кейде күюдің себебі жұмыстағы тапсырмалардың көп болуына байланысты болуы мүмкін, ондай жағдайда жұмыс алгоритмдері мен тәсілдерін өзгерту, кейбір функцияларды беру немесе жұмыс берушіні ауыстыру қажет. Немесе сізде жеке қарым-қатынаста, отбасында мәселелер болса, сөйлесу керек, жанжалды шешу керек. Себептерді түсіну арқылы эмоцияларыңызды басқару оңайырақ. 

Неліктен адамдар эмоционалды шаршау жағдайына «түседі»? Өйткені олар өздерімен не болып жатқанын түсінбейді, сәйкесінше мәселелерді шешпейді. Олар жинақталады, алайда адами ресурстар шектеулі, сіз барлық уақытта шекті жылдамдықпен жүре алмайсыз, мүмкіндігіңіздің шегінде жұмыс істей алмайсыз, біраз уақыттан кейін сарқылу пайда болады. Сонымен қатар эмоционалды интеллектісі жоғары адамдарда мақсат қою және уақытты басқару дамыған.

Эмоционалды интеллектті өздігінен немесе сарапшылардан үйрену арқылы дамытуға болады. Мен осындай тренингтерді Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығымен (МТАЖО) бірлесіп өткіземін. 

Сонымен қатар эмоционалды интеллект эмоцияларды басқару туралы ғана емес, бұл сіздің әл-ауқатыңызды түсіну, басқа адамдардың жағдайын байқау және соның негізінде талдау, қорытынды жасау және әрекет ету қабілеті екенін атап өту маңызды. Бұл біздің өмірімізді жеңілдетіп, бізді бақытты етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы