Үндістанның 6 азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды 

5 Маусым 2023, 20:46
806
Бөлісу:
Үндістанның 6 азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды 
Фото: BAQ.KZ Архив

Үндістанның алты азаматына ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 22 мен 30 жас аралығындағы Үндістанның алты азаматын анықтады.

Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен шетел азаматтарының әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (86 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 700-ге жуық азаматты, оның ішінде 623 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өзгелердің жаңалығы