Үндістанмен ұшу географиясы кеңейіп жатыр

12 Сәуір 2023, 21:35
880
Бөлісу:
Үндістанмен ұшу географиясы кеңейіп жатыр
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

 ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады.

Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы