Үндістанда TikTok-та «Шоқ қыздар» әні айтыла бастады

6 Қараша 2020, 13:15
8332
Бөлісу:
Үндістанда TikTok-та «Шоқ қыздар» әні айтыла бастады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желі қолданушылары әнді «Nah na ney» деп атайды.

Үндістандық TikTok қолданушылары арасында қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әні танымал болды. Желі қолданушылары композицияға қазақ тілінде 30 мыңдай бейне жазып үлгерген. Олардың ішіндегі ең қызықтысы Instagram-дағы ztb_kz парақшасында жарияланды.


 

Үндістандықтар әнді «Nah na ney» деп атайды. Алғаш рет бұл әнге түсірілген бейнені 597 мың жазылушысы бар Muhammed Roshan атты қолданушы жариялаған. Ал қазір қазақ тіліндегі әнге түсірілген бейне саны 30 мыңға жетіп қалды.


 

 


 

Өзгелердің жаңалығы