Үндістанда жарқанаттан қауіпті вирус анықталды

28 Маусым 2021, 14:29
2325
Бөлісу:
Үндістанда жарқанаттан қауіпті вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пуна қаласындағы Ұлттық вирусология институтының (NIV) ғалымдары Махараштра штатындағы жарқанаттардан Nipah қауіпті вирусын анықтады, деп жазды Хабар24.

Зерттеуші, дәрігер Прагья Ядавтың айтуынша, бұл вирус түлкілер мен тышқандардан анықталатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты «дүние жүзіндегі қауіпті вирус» деп таныған. 

Басылым мәліметінше, бүгінде бұл вирусқа қарсы дәрі немесе вакцина жоқ. Жұққан жағдайда өлім деңгейі 65-тен 100 пайызға дейін көрсеткішті көрсетеді.  Үндістанның өзінде Nipah вирусын жұқтырудың төрт дерегі тіркелген (2001, 2007, 2018 және 2019 жылдары). 

Былтыр наурыздан бастап ғалымдар Махабалешвара үңгірінде жүрген 80 тышқанның үлгісін алып, Nipah-қа қарсы РНҚ және антиденені анықтаған.



Өзгелердің жаңалығы