Үндістанда су тасқынынан 23 сарбаз жоғалып кетті

4 Қазан 2023, 18:52
666
Бөлісу:
Үндістанда су тасқынынан 23 сарбаз жоғалып кетті

Үндістанның Сикким штатында толассыз жауын мен су тасқынынан 23 жауынгер жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазір сарбаздарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше оқиға жергілікті биліктің өңірдегі гидроэлектр станциясының суын төгу туралы шешімінен кейін болған. 

Сарқырап аққан су өзенге жақын маңдағы жасақтар орналасқан жерге жетіп, бірнеше әскери көлікті шайып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы