Үндістанда су тасқынынан 150-ге жуық адам көз жұмған болуы мүмкін – БАҚ

7 Ақпан 2021, 21:12
1196
Бөлісу:
Үндістанда су тасқынынан 150-ге жуық адам көз жұмған болуы мүмкін – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында мұздықтар еріп жатыр. Табиғат апатынан 150-ге жуық адам ізім-ғайып жоғалды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ірі көлемді мұздықтар таудағы өзен бойымен төмен қарай жылжып барады. Салдарынан өзен суы арнасынан асып, аймақта су тасқыны басталды. Апаттан су электр станциясындағы бөгет те қирап қалған. 

Жергілікті билік үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтты. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аймаққа әскерилер мен өзге де мамандар тартылып жатыр. Қауіпті жерлерден тұрғындар эвакуациялана бастады.

Өзгелердің жаңалығы