Үндістанда нөсерден 150-ге жуық адам қаза тапты

14 Шілде 2023, 19:36
561
Бөлісу:
Үндістанда нөсерден 150-ге жуық адам қаза тапты
Фото: BAQ.KZ

Үндістанның солтүстігінде нөсер мен сел салдарынан кем дегенде 145 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

India Today телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, маусым а-йының соңынан бері Үндістанның солтүстігінде жаңбыр маусымы басталды. 8-10 шілде аралығында муссондық жаңбырдың Жерорта теңізі аймағынан келген ылғалды ауа ағынымен араласуы себепті нөсер жаңбыр толассыз жауды. Нөсер Дели ұлттық астаналық округі, Раджастхан штаттары мен Джамму және Кашмир одақтық аумағына қатты зиян келтірді.

Химачал-Прадеш үкіметінің дерегі бойынша 24 маусым мен 13 шілде аралығында апат салдарынан 91 адам көз жұмған. 600-ден астам ғимарат толығымен қирап, мыңнан астамы бүлінген. Келтірілген шығын құны жүздеген миллион долларға бағаланып отыр.

Күшті нөсер Дели арқылы өтетін Ямуна өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне алып келген. Өзендегі су деңгейі рекордтық 208,66 метрге жетті. Билік қала маңындағы аудандардан 24 мың адамды эвакуациялауға мәжбүр болғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы