Үндістанда қауіпті нипах вирусының таралуы тіркелді

8 Қыркүйек 2021, 07:27
4300
Бөлісу:
Үндістанда қауіпті нипах вирусының таралуы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Керала штатында өлімге әкелетін нипах вирусы 11 адамда анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Үндістанның Керала штатында өлімге әкелетін нипах вирусы 11 адамда анықталды, олардың жағдайы тұрақты, – деді Денсаулық сақтау министрі Вина Джордж. 

Нипах вирусы ұшатын түлкілер мен тышқандар арқылы таралады. Вирус әдетте ауру малдың сілекейімен ластанған жемістерді жеген адамдарға беріледі.

ДДСҰ бұл вирусты әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі деп атайды, оған қарсы дәрі-дәрмек те, вакцина да жоқ, аурудың өлім-жітімі 40-75% аралығында. Бұған дейін Үндістан билігі аурудың төрт ошағы туралы хабарлады: 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда, 2018 және 2019 жылдары – Кералада.

Керала билігі нипах вирусынан 12 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлау кезінде штат дәрігерлері онымен байланыста болған 251 адамды тексере бастады.

Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханасында 38 адам оқшауланған, олардың 11-інде ауру белгілері бар. Сегіз адамның сынамасы Ұлттық вирусология институтына тестілеуге жіберілді, ауруханаға жатқызылғандардың барлығының денсаулық жағдайы тұрақты – деді Джордж NDTV -ге берген сұхбатында.
Аурудың таралуын болдырмау үшін Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылауды күшейту және пациенттер байланыста болған адамдарды қарқынды бақылау керегін айтты. Кожикоде аймағында және көрші үш ауданда да қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


Өзгелердің жаңалығы