Үндістанда автобус аударылып 25 адам қаза тапты

1 Шілде 2023, 18:40
757
Бөлісу:
Үндістанда автобус аударылып 25 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында жол апатынан 25 адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таң ата күре жолмен келе жатқан автобус, жол ортасындағы қоршауға соғылып, өртенді. Жолаушылардың көбі жанып жатқан көліктен шыға алмай қалды. 

Ел премьер-министрі Норендра Моди және Махараштра штатының бас министрі Экнат Шинде апат құрбандарының отбасыларына сегіз жарым мың доллар мөлшерінде, өтемақы төленетінін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы