Үндістанда 300 мектеп вакциналау орталығына айналады

4 Мамыр 2021, 05:05
1768
Бөлісу:
Үндістанда 300 мектеп вакциналау орталығына айналады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирустан бір күнде қайтыс болғандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы мәлімет бойынша, кешелі бері 3689 адам ажал құшқан. Осыған байланысты билік вакциналау науқанын жеделдетуге кірісті. Ел астанасы Нью-Делидегі мектептерде бірнеше екпе орталығы ашылды. Бұл орындарға негізінен 18-45 жас аралығындағы тұрғындар шақырылады. Билік өкілдерінің жоспары бойынша, кемінде 300 мектеп вакциналау орталығына айналмақ. 

Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салдырыңыздар. Бұл өте маңызды іс-шара. Ковидтің екінші толқыны үлкен қауіп төндіріп тұр. Барлық адамды екпе қабылдау арқылы індеттің таралуын бірге тоқтатуға шақырамын, – дейді  екпе салдырған тұрғын Раджат Дайал.


Өзгелердің жаңалығы