Үндістанда су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапты

28 Шілде 2019, 14:15
1585
Бөлісу:
Үндістанда су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Үндістанның солтүстік-шығысында болған су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жауынды ауа райының салдарынан су тасқыны осы айдың екінші жартысында басталған. Әсіресе Бихар штатында 120 адам табиғи апаттан көз жұмған. Ал, Ассам штатында қаза тапқандар саны 80-нен асқан.

Ассам штатының ТЖ қызметі 30-ға жуық өңір су тасқынында қалғанын және 3,8 млн адам зардап шеккенін мәлімдеген. Қазіргі уақытта су тасқынынан қатты зардап шеккен осы екі штаттағы адамдарға көмектесу үшін мыңнан аса шатыр тігіліп, лагерь құрылған. 

Сонымен қатар, мыңдаған құтқарушы мен 40 құтқару-іздеу отряды жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы