Үндістан премьер-министрінің Twitter аккаунты бұзылды

12 Желтоқсан 2021, 14:10
2092
Бөлісу:
Үндістан премьер-министрінің Twitter аккаунты бұзылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Twitter-дегі парақшасы бұзылды. Бұл туралы correspondent.net жазды.

Хакерлер парақшада Үндістанның биткоинді төлем құралы ретінде мойындайтыны туралы хабарлама жариялаған.

Мәселе Twitter-де жарияланды және қазір парақша қайта қалпына келтірілді, - деді Үндістан үкіметінің басшысы.

Оның айтуынша, жазба парақша бетінде аз уақыт қана тұрған.

Үндістан премьер-министрінің Twitter-де 73,4 миллион оқырманы бар. Криптовалюта туралы ақпарат бірден әлеуметтік желілерде тарады.

Өзгелердің жаңалығы