Үндістан елшілігі электронды кітапхананы іске қосты

23 Қаңтар 2021, 13:35
1739
Бөлісу:
Үндістан елшілігі электронды кітапхананы іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістан Республикасының күнін мерекелеу аясында Үндістанның Қазақстандағы елшілігі елордадағы Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталығында электронды кітапхананы іске қосты.

Электронды кітапхананы салтанатты түрде іске қосу шарасына Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Асоке Кумар Мукерджи мырза (2005-2007) және қазіргі елші Прабхат Кумар мырза қатысты.

Ғаламдық пандемияға байланысты қазіргі шектеу режиміндегі «цифрлық байланыс» маңыздылығын артып келеді, - деді  дипломат Прабхат Кумар өз сөзінде.
китапхана.jpeg

Сондай-ақ, елші Нұр-Сұлтан қаласындағы Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталығының мәдени іс-шаралары мүмкіндіктерін кеңейту үшін виртуалды режимді сәтті біріктіргені туралы айтты. 

Аталған шараның ашылуында сөз алған экс-елші Асоке Кумар Мукерджи Үндістан елшілігінің бұл бастамасын жоғары бағалады.

Жаңа бастама құтты болсын! Бұл өте таңқаларлық! Себебі қазіргі заманда цифрлық технологиялар мен білім басты назарда тұр, - деді ол.

Электронды кітапханаға осы сілтеме арқылы кіруге болады.




Өзгелердің жаңалығы