Үнді компаниялары Транскаспий дәлізіне инвестиция салуға ынталы

19 Қазан 2022, 17:01
1296
Бөлісу:
Үнді компаниялары Транскаспий дәлізіне инвестиция салуға ынталы

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Транскаспий дәлізінің логитикасын дамыту үшін  әлемдік компаниялардың инвестициясы қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресей арқылы өтетін жолдардың қиындауына байланысты қазіргі таңда  Қазақстан-Әзербайжан- Грузия Қара теңізге шығу жолын қарастырып жатыр. Бүгінгі форумға келген Үнді компаниялары осы дәлізді кеңейту үшін инвестиция салуға ынталары бар. Себебі,  ол жаңа жол, бағытқа әлі де көп қаржы салу керек. Құрық портының құрылысының басталғанына біраз жыл болды. Ол еліміздің тарапынан салынып жатыр. Оны кеңейту үшін бізге дүниежүзілік үлкен компаниялар қажет. Себебі, келешекте портқа тек еліміздің тауарлары емес, көбіне транзиттік тасымалдар болады, - деді Айдаров.

Сонымен қатар ол ел экономикасына инвестиция салып келе жатқан елдердің алғашқы ондығына қай елдер кіретінін айтты. Атап өтуінше, олар Батыс Еуропаның жетекші елдері, Ресей мен Қытай, АҚШ, Жапония елдері. 

Үнді елінің инвесторлары да кейінгі жылдары белсенділік танытып жүр. Сан жағынан келсек, Түркия компанияларының қызығушылығы қашан да жоғары, - деді спикер.

Айтуынша, жыл сайын елімізге сырттан тартылатын инвестиция көлемі – 24 млрд доллар.

Пандемияға байланысты бұл көрсеткіш 2019 жылы17 млрд долларға түсіп қалған еді,  бірақ былтыр 24 млрд долларға оралдық. Биыл да жақсы келе жатырмыз. Әзірше жарты жылдың статистикасы бар – 28 пайыз өсіп, 14,7 млрд доллар болды. Бұл – жарты жылдың көрсеткіші, - деді СІМ вице-министрі Алмас Айдаров. 

Өзгелердің жаңалығы