Ұн бағасы бір жылда 45%-ға өскен

7 Қараша 2022, 10:48
2234
Бөлісу:
Ұн бағасы бір жылда 45%-ға өскен

Сарапшылар Қазақстанда ұн бағасы рекордтық өсім көрсеткенін айтады. Олардың есептеуі бойынша ұнның бөлшек сауда құны бір жылда шамамен 45%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазан айының қорытындысы бойынша ұн жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда бағалар 44,3%-ға көтерілді.

Сондай-ақ, бір айда баға 1,2%-ға өскен екен.

Сарапшылардың айтуынша, ұнның мұндай рекордтық мөлшерде өсуі 10 жыл бұрын болған екен, яғни 2012 жылдың тамыз айында болған, ол кезде баға  5,6%-ға қымбаттаған.

Жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек бағасы 2022 жылдың қазан айында кг үшін 369 теңге болған, бірінші сұрыпты ұн кг үшін 245 теңге болған, - делінген зерттеуде.

Ел бойынша жоғары сұрыпты бидай ұнының бір келісі:

Астана (447 тг);

Ақтау (411 тг);

Шымкент (406 тг).

Ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында сатылады екен.

Өзгелердің жаңалығы