Дәстүрлі әншілік үшін топырақпен сіңген өзіндік мәнер мен мақам керек – Үміт Медеуова

24 Қараша 2019, 16:02
9515
Бөлісу:
Дәстүрлі әншілік үшін топырақпен сіңген өзіндік мәнер мен мақам керек – Үміт Медеуова
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақы нақыштағы үнімен ұлттық өнерді насихаттап жүрген термеші, Қызылорда облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. 

"Домбыра болып сөйледім", "Қазақ жігіттері" және "Анама" толғауымен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сырдың сұлу әншісі қазақтың жыршылық өнерінің қыры мен сыры жөнінде сұхбат берді.

Бүгінгі ұрпақ өзінің қазақ екенін ұмытпасын. Қай жерде жүрсем де ұлттық киім, ұлттық әшекейлерімді тастамаймын. Әніме сазсырнай, домбыра аспаптарының үнін міндетті түрде қосып отырамын. Жыршылық өнер – түбінде ол сенің қаныңмен келу керек. Жыр-толғаудың мақамын, иірімін бұзбай халыққа жеткізу – басты мұратым, - дейді Үміт Еменқызы.

Видео: Кенжетай Ақсейітов
Өзгелердің жаңалығы