"Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

Қазір бағдарлама бойынша Азия даму банкімен меморандумға қол қойылған.

 pexels.com Бүгiн 2026, 11:34
Бүгiн 2026, 11:34
251
Фото: pexels.com

Үкіметте өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ләззат Ибрагимова әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының қашан іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазір бағдарлама бойынша Азия даму банкімен меморандумға қол қойылған. Қазіргі уақытта барлық ресми құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоспар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі – 90 млрд теңге. Оның 50 пайызы “Жасыл ипотекаға”, қалған бөлігі “Ұмай” бағдарламасына бағытталады. Яғни “Ұмай” ипотекасына шамамен 45 млрд теңге қарастырылып отыр. Әлеуметтік желілерде бұл бағдарлама қашан басталатыны туралы жиі сұрап жатады, – деді ол.

Ләззат Ибрагимованың сөзінше, «Ұмай» ипотекасын іске асыру үшін Азия даму банкі Қазақстан қор биржасына шығып, теңгемен облигациялар шығаруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда нарықтағы мөлшерлеме шамамен 17 пайыз деңгейінде. Егер биржадағы көрсеткіш 12-13 пайызға дейін төмендесе, қаржыландыру тиімді болады. Сол жағдайда бағдарламаны шілде немесе тамыз айында іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Бұған дейін баспанаға мұқтаж 70 мың отбасыға ипотека берілетіні белгілі болған еді. 

Наверх