Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

28 Сәуір 2022, 10:16
2314
Бөлісу:
Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31наурыз күні ұлт ұясы – Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев ел бірлігінің тұтқасы — Ордабасы ауданына табан тіреді. 

«Ұлытауға бардың ба?» деген атпен экспедицияға шыққан жиһанкез еліміздің барлық дерлік өңірін жаяу аралап, рекордтар кітабына енуді мақсат тұтқан. Жуырда ғана ол Түркістан қаласында да болып, мақсатын түсіндірген еді.

Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

Жиһанкез әуелі күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы облыстық спорт мұражайына бас сұғып балуанның өмір деректерімен танысып, даңқты балуан мәңгілік мекен еткен Темірландағы мазаратқа барып, зиярат етті. Онан соң үш жүздің басы қосылған тарихи мекен — Ордабасы тауына қарай жол алды.

Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

Бүгінге дейін 1000 шақырымды артқа тастаған ақсақалдың миссиясы – Қазақстанды жаяу аралап, Ұлытау ордасының шежірелі тарихынан сыр шерту.

Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

72 жастағы Сәрсенбай Оспанұлының сөзіне сүйенсек, бұл сапарында ол қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, ЮНЕСКО-ға өткізуді көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы