Ұлытау облысы құрылғалы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арнайы тағайындалған "ŪLAR" сыйлығы алғаш рет табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты жиында алдымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Еңбек ардагері" медалі аймақ журналистикасының ардагерлері Мәди Әлжаппаров пен Нина Барбутькоға, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі "Egemen Qazaqstan газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Абдолла Дастановқа, "Жаңаарқа" аудандық газетінің бас редакторы Салтанат Ералинаға, Қазақстан Журналистер одағының "Қазақстанның құрметті журналисі" құрмет белгісі Сагынкуль Жантуринаға табысталды.
Өңірдегі басылым, телеарналар қызметкерлері мен республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілері арасынан барлығы 18 адам "ŪLAR" сыйлығының түрлі номинацияларын иеленді. Марапат алғандар арасында БАҚ тілшілері, режиссерлар, корректорлар, беттеушілер, фототілшілер, бейнеоператорлар, тағы басқа да шығармашылық, техникалық қызметкерлер бар.
Атап айтқанда, Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «Ular» сыйлығының номинациялары келесі БАҚ қызметкерлеріне бұйырды:
«Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы:
1. Дастанов Абдолла Байділдаұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің Ұлытау облысы бойынша меншікті тілшісі
«Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы:
2. Серекбаева Гүлшахира Әлібайқызы, «Ulytau» телеарнасының режиссері;
«Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясы:
3. «EtoZhez!» интернет-қауымдастығының ұжымы
«Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясы:
4. Асанов Төлеш Сүлейменұлы, «Мысты өңір» газетінің директор-бас редакторы
«Экономика тақырыбын үздік жарияланы үшін» номинациясы:
5. Кәкенов Елдос Ерланұлы, «Хабар Агенттігі» АҚ Ұлытау облысындағы меншікті тілшісі;
«Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» номинациясы:
6. Пулина Юлия Викторовна, «Казахстанская правда» газетінің Ұлытау облысы бойынша меншікті тілшісі;
7. Турсынбекова Айзада Оразханқызы, «Жібек жолы» телеарнасының Ұлытау облысындағы аймақтық тілшілер желісінің стрингері;
«Шаңырақ» номинациясы:
8. Бейсенбаев Ізтай Белгібайұлы, «Сарыарқа» газетінің тілшісі;
9. Алпысбаева Мейрамгүл Саяжанқызы, «Шарайна» газетінің тілшісі
«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» номинациясы:
10. «Ұлытау және ұлт» журналы;
11. Шамаева Нұргүл Нагайқызы, «Сарыарқа» газетінің Жаңаарқа ауданындағы тілшісі;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» номинациясы:
12. Жетпісбаева Әсел Отарбекқызы, «Қазыналы өңір» газетінің бас редакторы;
«Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясы:
13. Жұмабаев Қайрат Кенжекұлы, «Ұлытау» газеті бас редакторының орынбасары;
«Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясы:
14. Ульрих Людмила Ивановна, «Подробности» газетінің тілшісі;
«Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясы:
15. Мұздыбаева Әсел Сұлтанқызы, «Жаңаарқа» газетінің техникалық редакторы;
16. Шарападин Нұрталап Болатұлы, «Ulytau» телеарнасының аға режиссері;
«Объектив шебері» номинациясы:
17. Шавнев Виктор Иванович, «Жезказганский вестник» газетінің фототілшісі;
18. Кривов Вадим Сергеевич, «Aqsham» телеарнасының бейнеоператоры.
Салтанатты рәсімде бірқатар БАҚ қызметкерлері Қазақстан журналистер одағының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің, Ұлытау облысының, "Қызмет" салалық кәсіподағының, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының, басқа да ұйымдардың құрмет грамоталары, алғыс хат, төсбелгілерімен наградталды.
Сондай-ақ, түске дейін мерекелік шаралар аясында жергілікті журналистерге PR маманы, белгілі журналист Ернар Сеитахмет "Жаңа медиа мүмкіндіктері" тақырыбында семинар өткізді.