Ұлытауда балалар стадионды қиратты: Қылмыстық іс қозғалды

Балалар стадиондағы орындықтарды қиратқан.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:18
Бүгiн 2026, 09:18
215
Фото: видеодан скриншот

«Жастар» стадионының аумағындағы вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұлытау облысының полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Ата-аналарының қатысуымен жасөспірімдерге профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға қатысты балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Бұдан бөлек, олар келтірілген шығынды өтеуі тиіс. Өңірлік полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қалалық инфрақұрылым объектілеріне ұқыпты қарауға шақырады. Ата-аналар жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын, соның ішінде олардың қоғамдық орындарда болу ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға ерекше назар аударуы қажет, - деді Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанда бүлдіршін ойын алаңындағы темір торға қысылып қалды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Наверх