Apple әлемдегі ең қымбат компания атанды

17 шілдеде Apple акциялары 0,23%-ға өсіп, бір акцияның құны 334,99 долларды құрады. 17 шілдеде Apple акциялары 0,23%-ға өсіп, бір акцияның құны 334,99 долларды құрады.

 pexels 18 Шілде 2026, 01:29
18 Шілде 2026, 01:29
99
Фото: pexels

Apple корпорациясы нарықтық капитализация көлемі бойынша Nvidia компаниясын басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды.

TradingView платформасының деректеріне сәйкес, 17 шілдеде Apple акциялары 0,23%-ға өсіп, бір акцияның құны 334,99 долларды құрады. Нәтижесінде компанияның нарықтық капитализациясы 4,906 трлн долларға жетті.

Ал Nvidia акцияларының бағасы 198,16 долларға дейін төмендеп, компанияның капитализациясы 4,8 трлн долларды құрады.

Сарапшылардың мәліметінше, Nvidia акциялары апта басынан бері 5%-дан астамға арзандаса, Apple акциялары тарихи максимумдарын бірнеше рет жаңартқан.

Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі 2026 жылдың бірінші тоқсанында Apple компаниясы әлемдік смартфон нарығында көшбасшы атанғанын хабарлаған. Counterpoint Research дерегі бойынша, компания аталған кезеңде нарықтың 21%-ын иеленген.

 

Наверх