Ұлытау облысының тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынбақ

25 Маусым 2023, 19:39
1073
Бөлісу:
Ұлытау облысының тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынбақ
Фото: Алтынбек Құмырзақ

Жергілікті әкімдік өрт қауіпті кезеңнің  басталуына байланысты ұлытаулықтарға орманға баруға тыйым салмақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің тиісті қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жеке тұлғалардың ормандарды аралауына және орманға көлік құралдарының кіруіне, сондай-ақ Ұлытау облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне шектеулер енгізілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы