Ұлытау облысында жоғалған 60 жастағы ер адам табылды

Аумақты барлау кезінде дрон мен спутниктік байланыс пайдаланылды.

13 Қыркүйек 2026, 23:24
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 13 Қыркүйек 2026, 23:24
13 Қыркүйек 2026, 23:24
175
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бір күн бұрын жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам аман-есен табылды.

1966 жылы туған тұрғын 12 қыркүйек күні кешке Шеңбер ауылдық округіндегі Домбығұл қыстауындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Оның жанында ұялы телефоны болмаған.

Іздеу жұмыстарына ТЖД мен полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, тұрғындар және «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды. Аумақты барлау кезінде дрон мен спутниктік байланыс пайдаланылды.

Нәтижесінде ер адам Домбығұл қыстауынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды.

 

Наверх