Ұлытау облысында «Жазғы демалыс академиясы» жобасы әзірленді

18 Мамыр 2023, 20:21
951
Бөлісу:
Ұлытау облысында «Жазғы демалыс академиясы» жобасы әзірленді
Фото: Артём Чурсинов

Білім басқармасы тарапынан балаларды жан-жақты дамытуға, сауықтыруға бағытталған әлеуметтік – психологиялық кеңістік құру мақсатында «Жазғы демалыс академиясы» жобасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру 4 бағытта қарастырылады, олар:

«Салауатты ұрпақ – салауатты қоғам» бағытында облысымыздың 5896 оқушысы қамтылмақшы. Әлеуметтік осал топтағы отбасының балаларын қамтитын мектеп жанындағы лагерлер әрқайсысы 3 аптаны құрайтын 2 маусымда ұйымдастырылады: 1-маусым 5-23 маусым аралығында, 2-маусым 26 маусым мен 14 шілде аралығында. 5-7 сыныптардың 1920 оқушысын қамтитын спорттық алаңдардың жұмысы әрқайсысы 5 күнді қамтитын 3 маусымда ұйымдастырылады. Спорттық алаңдар 5-23 маусым аралығында жұмыс істейді.

«Мен – азаматпын» бағытында облыстан 9100 оқушы қамтылмақшы. Жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған мектеп жанындағы бейіндік лагерлер 8,10-сынып оқушылары үшін 10 күндік ұзақтықпен 5-16 маусым аралығында ұйымдастырылады.
Туристік бағыттағы шатырлы лагерлер Ұлытау ауданы мен Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылады, 290 оқушы қамтылады.

«Біз – бақытты баламыз» бағытында мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінде 4426 оқушы демалады.

Bilim+ бағытында жазғы мектептер15 күндік ұзақтықпен маусым және тамыз айларында, дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған олимиадалық камп аудандар мен қалаларда және мамандандырылған мектептерде 10 күндік ұзақтықпен тамыз айында, бүлдіршіндерді мектепке дайындауға бағытталған бүлдіршіндер мектебі 15 күндік ұзақтықпен тамыз айында ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы