Ұлытау облысында аумақты зерттеу жөніндегі комиссия құрылды

28 Қазан 2022, 18:40
878
Бөлісу:
Ұлытау облысында аумақты зерттеу жөніндегі комиссия құрылды

Ұлытау облысында төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу бойынша Комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытау облысына сапары аясында "Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан қасірет шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын жоғарыда аталған заңның қолданылу аясына жататын елді мекендер тізбесіне қосу бөлігінде толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылды.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы қоғамдық кеңестерінің мүшелері кірді.

Комиссия жұмысының аясында аумақтың экологиялық жай-күйін; қолайсыз экологиялық ахуалдың туындау себептерін; сол немесе өзге дәрежеде тозған аумақтың шекараларын; болжамды қолайсыз экологиялық ахуалдың залалын, нашарлау мүмкіндігін; болжамды қолайсыз экологиялық ахуалды жою бойынша қажетті шараларды; туындауына негіз болған факторларды жою мақсатында қолайсыз экологиялық ахуалдың салдарын жоюға қажеттi құралдарды; қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына негіз болған антропогендік қызмет түрлерін айқындау мақсатында материалдарды жинау және талдау жүзеге асырылады.

Қолда бар материалдар жеткіліксіз болған жағдайда комиссия тиісті мемлекеттік органға қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

Өзгелердің жаңалығы