Ұлытау. Кеше және бүгін

8 Қараша 2020, 20:46
2718
Бөлісу:
Ұлытау. Кеше және бүгін
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аудандағы көшелердің бірінде жол жаңартылып, футбол алаңы салынды.

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы күн санап көркейіп келеді. Бүгін аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы өзінің Facebook-тегі парақшасына аудандағы көшелердің біріндегі жолдың тазартылып, балаларға арналған футбол алаңы салынғанын мәлімдеді.

Ұлытау. Кеше және бүгін

Аудан әкімі бұған дейін де Ұлытау кентінде бірқатар құрылыс нысандары басталғанын хабарлаған болатын. Ол тұрғын үй кезегінде тұрғандар көп болғандықтан, кәсіпкерлермен келісіп, 24 пәтерлі 1 үй, 16 пәтерлі 2 үй, 8 пәтерлі 2 үй салынып жатқанын айтты. 

Ұлытау. Кеше және бүгін

Берік Әбдіғалиұлы халыққа қызмет ету орталығының (ЦОН) жаңа ғимараты көтеріліп жатқанын да жеткізді. Демеушілердің көмегімен 38 бөлмелі қонақ үй құрылысы да басталып кетті. Құрылыс 2021 жылдың көктемінде аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы