Ұлыбританияда екпе алушылар көбейді

31 Шілде 2022, 10:21
1416
Бөлісу:
Ұлыбританияда екпе алушылар көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда маймыл шешегіне қарсы екпе орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда бола бастады.

Бұл туралы «Хабар 24»  хабарлайды. 

Себебі елде вирус жұқтырғандар көбейіп барады. Соңғы бір күнде 2,5 мың адамнан қауіп дерт анықталды. Қазір оған қарсы шешек ауруына қарсы қолданылып келген «Аймванекс» деп аталатын екпе салынып жатыр. 

Бірінші кезекте ауру жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар вакцина алады. Ресми дерекке қарағанда, қазірге дейін әлемде маймыл шешегін 18 мыңнан аса адам жұқтырыпты.

Өзгелердің жаңалығы