Ұлыбританияда 11 млн тұрғынның төлем қабілеті нашарлаған

19 Мамыр 2023, 04:45
1109
Бөлісу:
Ұлыбританияда 11 млн тұрғынның төлем қабілеті нашарлаған
Фото: aqiqat.kazgazeta.kz

Ұлыбританияда 11 миллиондай тұрғын коммуналдық қызмет ақысы мен несиесін төлей алмай жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы осы елдің Қаржы нарығындағы ережені бақылау басқармасы хабарлады. Былтыр мұндай борышкерлердің қарасы 8 миллиондай еді. Бұдан бөлек қарттар да шығын көбейгеніне алаңдап, күйзеліске ұшырай бастаған.

Ресми дерекке сүйенсек, Ұлыбританияда өткен сәуір айында инфляция 10,1 пайызға жетті. Бұл соңғы 40 жылда болмаған жағдай. Бірақ Англия банкі биыл баға 5,1 пайызға, келесі жылы 2,4 пайызға төмендейді деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы