Ұлыбритания жасөспірімдерді жаппай вакцинациялаудан бас тартты

Ұлыбритания жасөспірімдерді жаппай вакцинациялаудан бас тартты
1248

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания балалар мен жасөспірімдерді жаппай вакцинациялаудан бас тартты. Бұл туралы The Telegrahp хабаралады.

Биліктің хабарлауынша, елдің вакцинация және иммундау жөніндегі бірлескен комитеті қосымша қауіп-қатерлердің нәтижесі толық алынғанша вакцинациялаудан бас тартуға шақырды. 

Тұмауға бейім 12-15 жасқа дейінгі балаларға және 18 жасқа толатын жасөспірімдер үшін екпе алу ұсынылып отыр. Оған елде мақұлданған Pfizer және BioNTech препаратын қолдану жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Ұлыбританияда 46,2 миллионға жуық адамға вакцина салынған. Бұл елдің ересек тұрғындарының 87,6 пайызын құрайды. 35,5 миллионға жуық адам толық екпе алған.


Фото: дереккөз