Ұлыбритания үкіметі Сириямен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіргенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл қадам елдегі жаңа билікті қолдау мақсатында жүзеге асып отыр. Тиісті мәлімдеме Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Британ тарапының мәлімдеуінше, Сириямен тығыз қарым-қатынас орнату Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды. Жаңа үкіметтің тұрақты, қауіпсіз әрі гүлденген болашаққа деген ұмтылысы қолдауға тұрарлық деп саналады.
Сирия халқы үшін жаңа үміт туды. Ұлыбритания бұл елмен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруде, себебі біз жаңа үкіметтің елді бейбіт жолмен дамыту жөніндегі міндеттемелерін қолдауға ниеттіміз, - деді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми.
Айта кетейік, бұған дейін 30 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қарсы санкцияларды жою туралы жарлыққа қол қойған болатын. Саясаттанушы Дмитрий Бридждің пікірінше, бұл шешім Таяу Шығыстағы саяси және экономикалық ахуалға елеулі ықпал ететін геосаяси өзгеріс болмақ.